Жаңалықтар тізбегі
0

Газ тартамыз деп ауламыздың астан-кестеңін шығарып кетті

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 18:35 видеодан кадр
Ала жаздайғы көшенің көрігі осы.

Газ тартамыз деп, ауламыздың астан-кестеңін шығарып кетті. Елорданың шеткі аудандарындағы тұрғындар осылай деп әкімдікке арызданып отыр. Газ, жылу жүргізген мердігер ұйымдар жұмыстарын аяқсыз қалдырып, тайып тұрған көрінеді. Ашық-шашық жатқан шұңқырлар жұрттың жүріс-тұрысына кедергі келтіруде, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Биыл елорда іргесіндегі тұрғын үйлердің біразына газ кірді. Әзірге іске қосылмаса да, от жағып, көмір тасудан мезі болғандар үшін мұның өзі жарты бақыт. Алайда бұл игі іске бастан-аяқ жауаптылардың тірлігі көпшіліктің қуанышын су сепкендей басқанға ұқсайды.

– Бәрінің ойран топырын шығарып кетті. Батпақ. Аяқ басып жүре алмаймыз. Кеше бір қатты дауыл жел болып еді, бәрін құртып кетті. Енді қашан істейсіңдер десек, біз істемейміз. Біздің жұмысымыз емес. Біздікі ананы салу. Бітті деп, – дейді қала тұрғыны Мұратбек Мұсабеков.

Деді де, тым-тырақай қашып кетті. Мұратбек ағаның бұлайша қапаланатын жөні бар. Жылу жүргізді, одан соң көгілдір отын кіргізді, сөйтті де қазған аумақтарын қайта ретке келтірмей кете барыпты. Ала жаздайғы көшенің көрігі осы. Щаң-тозаң. Жаңбыр жауса, ми батпақ.

– Біріншіден келген, теплосеть. Қазып-қазып, асфальттарын, жолдарын бәрін неғылды. Өзімізден кейін жасаймыз деген, әлі жасаған жоқ. Одан екінші газовиктер келді. Құр балшықпен жауып кетті топырақпен. Мәз болып не салып еді, асфальт бәрін бітірді. Бүгін садикке бару үшін бүкіл батпақпен немереммен солай бардық, – деп отыр тұрғын Зәуреш Бердібекова.

Бір ғана көше емес, қала шетіндегі газ тартылған тұрғын үйлердің түгелге жуығы осындай күйде. Арасында тіпті жүріп-тұратын жолдарын өз қаражаттарына салып алғандары да бар. Олардың да өкпесі қара қазандай.

Айман Шамина, қала тұрғыны:

"Июнь айында басталған, міне сентябрь , августың аяғында бір-ақ жапты ғой. Осы жердің бәрін қазып-қазып, мына асфальтымыздың бәрін бүлдірді. Топырақтың бәрін өзіміз көтергенбіз. Бұл жер вообще балота".

Мұратбек Мұсабеков, қала тұрғыны:

"Алматы акиматтан біреуін де көрмейміз. Шіркін-ай біреуі кеп сөйлессе ғой. Мен өзім іздеп барсам, кіре алмайсың. Мына ауруға бәрін жапқан. Не кіре алмайсың, не сөйлесе алмайсың. Не арызыңды айта алмайсың".

Арыз-шағымнан әкімдік өкілдері де хабардар. Тек тұрғындардан шамалы түсіністік танытуды сұрап отыр. "Газ толығымен тартылып, сынақтан өткен соң ғана абаттандыруға кірісеміз", - дейді.

Мақсат Есмағұлов, қалалық әкімдіктің отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы:

"Біздің жобамызда сол абаттандыруды қалпына келтіру қарастырылған. Асфальтын төсеу, барлығы жобамызда бар. Бірақ жұмыс жасау технологиясы бойынша, алдымен газ құбырын салып, оның бүтіндігін беріп, одан кейін опрессовка бойынша жұмыстар жасаймыз. Асфальттау бізде түгелімен газ құбырын сынақтан өткізгеннен кейін ғана қайта-қайта қаза бермес үшін, содан кейін жасалады".

Әзірге астана бойынша тек Железнодорожный тұрғын үй алабы ғана толықтай сынақтан өтіпті. Абаттандыру жұмыстары да аяқталуға жақын. Ал Оңтүстік-шығыс, Өндіріс, Көктал 2 тұрғын үй алаптары тұрғындарына қарашаға дейін шыдауға тура келмек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: