Жаңалықтар тізбегі
0

Сыбайлас жемқорлық: елде 9 лауазымды тұлға ұсталды

ztb.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 21:45 ztb.kz
Жыл басынан бері 161 тұлғаға қарсы іс қозғалды.

Өткен кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 200-ден аса (208) сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. 9 лауазымды тұлға ұсталды (жыл басынан бері 161 тұлға), 7 тұлғаға (жыл басынан бері 120 тұлға) қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды, 73 млн теңгеден астам (72 821 339 теңге) өтелді, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шын мәнінде аталған лауазымды тұлғаның (Атырау облысы әкімінің орынбасары) аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

2. ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін жеке кәсіпкерлік субъектісінен 1,2 млн. теңге сомасында пара алу фактісі бойынша Аягөз ауданының Аягөз қаласы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдікті ҚР ҚПК 128-бабы тәртібіне сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

3. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жеке тұлғадан сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алу күдігіне ілінді. Тергеу жалғасуда.

4. Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шиелі аудандық сотының судьясына қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы бірнеше азаматтық іс бойынша қасақана әділетсіз шешімдер шығару күдігіне ілінді. Аталған факті бойынша тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

5. Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол өз орынбасарынан осы лауазымға тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін 2 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда.

6. ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыстық ведомствосының басшысына қатысты жалпы қамқорлығы және кәсіпкерге мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуға жәрдем көрсету үшін келісілген 7 млн теңгенің 2,5 млн теңгесі сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдікті ҚР ҚПК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Құрылыс басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Ол орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін фирма басшысынан 1,4 млн теңге көлемінде пара алу күдігіне ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

8. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қапшағай қаласының автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі" ММ лауазымды тұлғаларына қатысты "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген Заречный ауылдық округі көшелерінің жол жабынын ағымдағы жөндеу бойынша ЖШС-пен жасалған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыс көлемі үшін орындалған жұмыстар актісіне қол қою және ақшалай қаражатты аудару жолымен қаражат жымқыру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның салдарынан мемлекетке 14 млн-нан аса ірі мөлшерде залал келтірілді. Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

9. Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бір мезгілде қалалық Мәслихат депутаты болған, Тараз қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттің 100% қатысуы бар серіктестік директорына қатысты пара алу фактісін анықтады. Ол құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жалпы қамқорлығы үшін ақшалай қаражатты жедел аударғаны үшін заңды тұлға басшысынан қол астындағы қызметкер арқылы 1,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Сот күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда.

10. Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол МКК-ға қызмет көрсету және жұмыстарды орындау кезінде коммерциялық ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар бере отырып, оны басқару және оған қамқоршылық жасау арқылы кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуда күдіктенеді. Тергеу жалғасуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: