Нұр-Сұлтанда бір шенді 4 базардан тұрақты түрде заңсыз алым алып келген

kstop.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 23:07 kstop.kz
Бір ай ішінде елордада 20-ға жуық пара алу фактісі тіркелген.

Нұр-Сұлтанда Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды тұлғасының пара алу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғасына қатысты тұрмыстық сыбайлас жемқорлық және шағын және орта бизнеске араласуы бойынша тергеуді бастады, ол жүйелі түрде 4 базардың кәсіпкерлік субъектілерінен заңсыз алым алып келген, - деп хабарлайды құзырлы ведомствадағылар.

Ақша ауылшаруашылық өнімдері мен ағаш материалдарын сату кезінде сәйкестік сертификаттарының болмауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін, сондай-ақ импортталатын реттелетін өнімдерді баратын жерінде екінші карантиндік тексеруге жатқызбағаны үшін алынған. Сондай-ақ, бұрыннан келісілген сомаға ол қамқорлық жасап келген. Параның мөлшері 16 мыңнан 700 мың теңге аралығын қамтиды.

Биылғы жылдың 4-30 тамызы аралығында өткізілген жедел-іс-шаралар барысында 17 пара алу және 16 пара беру фактілері анықталды. Күдіктіге қатысты 2 айға қамауға алу түрінде алдын алу шарасы санкцияланды. Тергеу жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: