Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыда оқу орталығы басшысының алаяқтығы ашылды

Ол шетелде оқығысы келетін талапкерлердің ата-аналарының қаражатын иемденді.

Сурет : polisia.kz21 Қыркүйек 2020, 11:22

Алматыда оқу орталығының басшысы бірқатар алаяқтық жасаған, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі алаяқтық бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Жеке оқу орталықтарының бірінің басшысы жасаған.

– Күдікті 1980 жылы туған Б. азаматшаның алаяқтықпен айналысқанына бір жылдан асқандығы анықталды. Студенттерді шетелге жіберу үшін оқу орталығын ашып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ол шетелде оқығысы келетін талапкерлердің ата-аналарының қаражатын иемденді. Әйел ғаламторға шетелдік білім беру мекемелерінде оқытуды ұйымдастырудағы қызметтер туралы жарнамалар орналастырды. Алаяқтықтың тізбегі келесідей болып шықты: жаңа қатысушылардың ата-аналарына шетелдік жоғары оқу орындарына түскендігі туралы мүлдем жоқ құжаттар берілді. Кейіннен клиенттер сертификаттың шын екендігіне күмәнданбай, күдіктінің есепшотына шұғыл түрде үлкен ақша аударды (оқу ақысы). Әрбір қылмыстық әрекеттен келтірілген материалдық шығын екі миллион теңге және одан жоғары. Қазіргі уақытта біздің бөлімге жеті адам жүгінді, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта Б.азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша сот тергеуі жүргізілуде. Полиция ұсталған адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды келесі нөмірлерге хабарласуға шақырады: 8-708-707-92-02; 8-702-333-42-64; 8-705-711-13-71.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер