Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды

Пандемия кезінде денсаулықты нығайту үшін дәл осы бағытты дамыту маңызды - вице-премьер.

Сурет : Ашық дерекөздерден алынды21 Қыркүйек 2020, 15:03

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бейнеконференция режимінде бұқаралық спортты дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлді. Пандемия кезінде денсаулықты нығайту үшін дәл осы бағытты дамыту маңызды", – деді Ералы Тоғжанов.

Бүгінгі таңда ел тұрғындарының 30,6%-ы спортпен және дене шынықтырумен айналысады. Бұл ретте, ел бойынша ең төменгі көрсеткіштер Шымкент қаласында (28,5%), Нұр-Сұлтан қаласында (29,2%) және Ақмола облысында (29,8%) байқалып отырғаны айтылды.

Сондай-ақ, жиын барысында бұқаралық спорт түрлерін қаржылай қолдау, халық арасында спортты дәріптеудің нақты қадамдарын әзірлеу, білікті нұсқаушылар және спорт залдарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Балалар мен жастарды спорт секцияларына тарту, жалпы білім беретін мектептердегі спорт залдары мен жабдықтарының тапшылығы мәселесіне ерекше назар аударылады.

Кеңес қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға, оның ішінде Мәдениет және спорт министрлігінің үйлестіруші рөлін заңнамалық тұрғыдан күшейту, спортпен айналысатын азаматтардың үлесін арттыру, бұқаралық спортты қаржыландыруды кәсіби клубтарға жұмсалатын шығындарды қысқарту есебінен арттыру, спорт залдары мен мектептердегі жабдықтар тапшылығын шешу туралы нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, өңірлердің әкімдіктеріне дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын ерекше бақылауға алып, оларды 2020 жылдың соңына дейін аяқтау тапсырылды.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/ukimette-bukaralyk-sportty-damytu-maselesi-karaldy-2185645

Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер