Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда мемлекеттік сатып алулар саласына қатысты алаяқ ұсталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2020 23:52 polisia.kz
Оның үстінен полицияға 15-тен аса адам шағынған.

Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі мемлекеттік сатып алулар бойынша бірқатар алаяқтыққа қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz-ның хабарлауынша, күдікті – 1983 жылы туған К.есімді азамат, Алматы облысының тумасы, тендер өткізу ресурсы арқылы тапсырыс берушілерді тауып, оларға электр қондырғыларын орнату және нысандарды салу үшін қысқа мерзімде тауарларды жеткізу бойынша өз қызметтерін ұсынған.

Ер адам жоқ электронды шот-фактураларды, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қолдан жасаған. Осылайша, ол адал кәсіпкерлерді жолдан тайдырып, алдап-арбауына түсірген. Полицияға арызбен 15-тен астам адам жүгінді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сонымен қатар, полиция К-ның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Алмалы ауданының Полиция басқармасына келесі нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды: 8-708-707-92-02; 8-702-333-42-64; 8-705-711-13-71.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: