Жаңалықтар тізбегі
0

Мені кезінде заңсыз соттады – Ерлан Сайыров әлі ақталып жүр

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2020 15:30 facebook.com
Заңсыз жолмен бір тиын да алмаған адаммын дейді.

2011 жылы мен дегенің әділетсіз және заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылып кеттім, дейді Ерлан Сайыров әлеуметтік желіде.

"Мені қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, қызметтік жалғандық жүргізіп, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айыптады" деген ол, болған істі былай түсіндіріпті:

– 2011 жылы мен мәдениет саясаты институтында директор едім. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына сапар барысында Моңғолиядағы қазақ диаспорасы мен "Баян-Өлгей" оркестрі үшін музыкалық аспаптар сатып алу жөнінде келісімге қол жеткіздім (8 шаңқобыз, 10 домбыра, 5 сазсырнай, 2 данғыра, бір-бірден жетіген, қылқобыз және бас домбыра). Бұл аспаптар демеушілердің ақшасына сатып алынды. Бірақ бюджеттің қыр-сыры жағынан қарағанда бухгалтерлік заң бұзушылықтарға жол беріліп кеткен. Бірақ маған қарсы қозғалған қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Мемлекеттік айыптаушы тағылған айыптардың бәрінен бас тартты. 2018 желтоқсанында мен инфаркт алдым. Бірнеше рет ажал аузында жатып шықтым. Инфаркттан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, Бас прокуратураға жаза бердім, өзімнің кінәлі емес екенімді деректермен дәлелдей бердім. Менің өтінішхатым бойынша Бас прокурор Жоғарға сотқа қарсылық беріп, сот маған шығарған үкімін жойды. Ал 2020 жылдың 22 маусымында Алматының Медеу аудандық соты мені толықтай ақтап шықты, – деп жазыпты Сайыров facebook-те.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: