Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мамин астық жинау науқанын қысқа мерзім ішінде аяқтауды тапсырды

Өнім көлемі 18 млн тонна астық деңгейінде жоспарланып отыр. Өнімділік — 12,3 ц/га. Жаңа өнімнің экспорттық әлеуеті шамамен 7,5-8 млн тоннаны құрайды.

Сурет : Facebook22 Қыркүйек 2020, 10:23

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бұл ретте Үкімет жиныныда Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, сондай-ақ аталған өңірлердің агробизнес өкілдері — "Логос Грейн" ЖШС басшысы А. Құдайбергенов, "Қарқын" агрофирмасы" ЖШС басшысы Е. Бұқанов, "Biooperations" ЖШС басшысы Ә. Талғатбек баяндама жасады", делінген primeminister.kz сайтында.

Қазіргі таңда елімізде егін жинау жұмыстарының 93%-дан астамы орындалды. Өнім көлемі 18 млн тонна астық деңгейінде жоспарланып отыр. Өнімділік — 12,3 ц/га. Жаңа өнімнің экспорттық әлеуеті шамамен 7,5-8 млн тоннаны құрайды.

"Жаһандық үрдіске қарағанда әлемдік нарықта азық-түлікке деген сұраныс пен баға тек арта бермек. Сондықтан біздің басым міндетіміз – астық өсіру мен одан жасалатын өнімдер экспортының көлемін айтарлықтай ұлғайту", — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне дәнді және бұршақты дақылдарды қайта өңдеу саласын дамыту, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне қысқа мерзім ішінде астық жинау жұмыстарын аяқтап, егіннің сақталуын қамтамасыз ету, астыққа сатып алу бағасын белгілеу және нарық қатысушыларын хабардар ету, форвардтық сатып алу тетігі аясында қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне "ҚТЖ" ҰК» АҚ-мен бірлесіп, астықты үздіксіз тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету шараларын қабылдау тапсырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер