Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мемлекеттік баспанадан үміткерлер қандай талаптарға сай болуы керек?

Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұруы шарт.

Сурет : oksagen.com.ua22 Қыркүйек 2020, 12:14

Тұрғын үй қатынастары туралы заңнамада ең алдымен баспанаға мұқтаж азаматтардың есебіне қоюға қатысты нормалар қарастырылған. Ол кезекке қою үшін тиісті елді мекенде тұруы, ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұруы шарт, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алатын баспаналар келесі санаттарға жататын Қазақстан Республикасының баспанаға мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтарына беріледі:

-Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

- жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға;

- "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналарға, сондай-ақ І және ІІ деңгейдегі "Ана даңқы" орденмен марапатталғандарға, көпбалалы отбасыларға. Аталған санаттағы азаматтардың орташа айлық жиынтық кірісі баспана беру туралы өтінім жасар алдындағы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 реттік мөлшерінен аз болуы тиіс;

- орташа айлық жиынтық кірісі баспана беру туралы өтінім жасар алдындағы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 реттік мөлшерінен аз әлеуметтік әлсіз топтарға. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 реттік мөлшері коэффициенті жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға таралмайды.

- мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке үміткерлерге, ғарышкерлерге және мемлекеттік сайланбалы қызметті атқарып жүрген тұлғаларға;

- Жалғыз баспанасы ҚР заңнамасында бекітілген тәртіппен апаттық деп танылған азаматтарға.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер