Жаңалықтар тізбегі
0

Құдалық, Ұзату. Алматыда той жасау әлі тиылмай тұр

retail-loyalty.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2020 19:43 retail-loyalty.org
Алматының мониторингтік топтары қандай заңбұзушылықтарды анықтады.

Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінде мониторингтік топтардың жұмысы барысында соңғы аптада 10 нысанда және 51 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғаны анықталды. Салынған айппұлдың жалпы сомасы – 5 млн теңге. Әкімшілік соттың қарауына бір материал тапсырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мониторингтік топтар жалпы осы жылдың 17 тамызынан бері ШОБ-тің эпидемиялық талаптарды сақтауына қатысты 9 мыңнан астам тексеру жүргізді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 3801 хаттама толтырылды. 2693 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды. ШОБ-тің 1635 субъектісі өз еріктерімен қызметтерін тоқтатты. Сотқа 19 материал тапсырылған.

Негізгі тәртіпбұзушылықтар – маска режимінің сақталмауы, жұмыс режимінің бұзылуы, дезинфекциялық құралдардың жоқтығы, сонымен бірге жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыру.

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Жетісу ауданы, Жангелдин көшесі, 193 мекен-жайында орналасқан "Данияр" мейрамханасында заңсыз "Ұзату той" өткізілгені туралы ақпарат келген. Одан кейін жедел түрде мониторингтік топ Жетісу ауданының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеруге барған. Банкет 50 адамның қатысумен өткізілген. Жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚ туралы Кодексінің 425-бабының 1-тармағы бойынша 230 АЕК мөлшерінде әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды.

Одан бөлек, осы жылдың 20 қыркүйегінде түнгі уақытта Медеу ауданында жекеменшік үйде "Құдалық" өткізіліп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Мониторингтік топтың Медеу ауданының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеруінің барысында ақпарат расталды. Жеке тұлғаларға (шара ұйымдастырушыларына) қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылған.

Сонымен бірге, Әуезов ауданының мониторингтік топтарының жұмысы барысында "Мята" кафетериінің түнгі 23-00-ден кейін жұмыс істегені, сондай –ақ, адамдардың көп топтасып, жиналғаны анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес, 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Бас мемлекеттік дәрігердің 2020 жылдың 15 тамыздағы №56 Қаулысына сәйкес, отбасылық мерекелерді, есте қаларлық шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, құдайы тамақ) өткізуге, сонымен бірге, үйге көп адамның келуіне қатысты салынған тыйымның сақталатынын атап өткен жөн. Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендету үшін қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен 26 мониторингтік топ карантин шараларының сақталуын бақылау мақсатында жұмыс істейді. Мониторингтік топтардың құрамына аудан әкімдіктерінің өкілдері, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің, сонымен бірге, полиция қызметкерлері енген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: