Mектеп директоры мектеп әжетханасында асылып өлді

Shutterstock, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2020 22:34 Shutterstock
Тергеушілер аудандық білім, ішкі істер бөлімдерін тексеріп жатыр.

Өзбекстанның Қашқадария облысына қарасты Китаб ауданындағы мектептердің бірінің директоры білім мекемесінің әжетханасында асылып өлді, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Хабарларға қарағанда, 47 жастағы мектеп директоры өз-өзіне қол жұмсаған.

Қашқадария облыстық прокуратурасының мәліметі бойынша, директор үш хат қалдырған. Солардың бірінде ол әріптес ұстаздарына жемқорлық жасамауға кеңес берген. Марқұмның туыстары директор жүрек ауруынан қайтыс болды деп хабарлап, сот-медициналық сараптама өткізбестен жерлеген.

Тергеушілер аудандық білім, ішкі істер бөлімдерін тексеріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: