Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға мүлдем тыйым салынды

tehnowar.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2020 17:23 tehnowar.ru
Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа арандату туралы ережеге қатысты Сенаттың түзетулерімен келісті.

Парламент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға түзетулер мен өзгерістер енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа арандату туралы ережеге қатысты Сенаттың түзетулерімен келісті.

"Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Парламент Мәжілісінде 2020 жылғы 3 маусымда мақұлданды. Сенат енгізген түзетулер тұжырымдаманы өзгертпейді және Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының мазмұнын нашарлатпайды", - деді жалпы отырыста депутат Жанат Жарасов.

Жалпы, заң жобасында төрт кодекс пен 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Осылайша, мемлекеттік қызметкерлерге кез-келген құнды сыйлықтар беруге тыйым салынады. Тәуелсіз құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды шенеуніктерден бастап, квазимемлекеттік секторда сатып алумен айналысатын тұлғалар да сыбайлас жемқорлық субъектілері санатына жатқызу ұсынылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер жүретін адамдардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлық немесе қызмет алуына тыйым салынады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: