Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан шекарада қалып қойған қырғызстандықтар үшін "жасыл дәліз" ұсынды

Knews.kg, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2020 22:32 Knews.kg
Дипломаттар бұл бір ретке ғана мүмкін нәрсе екенін ескертті.

Қазақстан қазақ-ресей шекарасында тұрып қалған қырғыз азаматтары үшін "жасыл дәліз" ашты, деп хабарлайды zakon.kz.

24.kg ақпараттық агенттігі Қазақстан қырғыз азаматтарының транзиті үшін жасыл дәліз ұсынғанын жазады. Қазір Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің қызметкері адамдарды Башқұртстаннан Соль-Илецк қаласына Ресей-Қазақстан шекарасынан өтуі үшін баруын ұйымдастыруда.

Шекарадан өткеннен кейін Қырғызстан азаматтарын қазақ-қырғыз шекарасына қарай алып өту үшін автобустарға орналастырылады. Адамның көптігіне байланысты олар 24 және 25 қыркүйекте күндіз екі кезеңмен тасымалданады, - делінген Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Министрлік бұл акция бір реттік екенін, Ресей-Қазақстан шекарасы Қырғызстанның жекелеген азаматтарының тәуелсіз және ерікті түрде өтуі үшін жабық болып табылатынын баса айтты.

Бұған дейін Қырғызстанның 3 200 азаматы Ресей-Қазақстан шекарасында тұрып қалғаны туралы хабарланған болатын. Бұл мәселе Қазақстан шекарасының жабық болуына байланысты туындаған. Енді еліне жете алмаған азаматтар жатақханаларда, балалар лагерлерінің аумағында, Ресей тарапы ұсынған шатырлы лагерлерде тұруға мәжбүр. Кейбір қырғызстандықтар өздері қонақ үйлер мен жатақханаларға орналасқан. Олар тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Біз Ресейдегі қырғыз заматтарын Ресей-Қазақстан шекарасына қарай барудан аулақ болуға шақырамыз. Егер Қырғызстанға шұғыл оралу қажет болса, онда әуе қатынасын пайдалануды ұсынамыз, - делінген Ресей Федерациясындағы Қырғыз елшілігінің хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: