Мектепте кезекші сынып оқушысынан коронавирус анықталды

23 Қыркүйек 2020, 17:28
Сурет: Ақ Жайық

Қазақстанда кезекші сыныптан коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Sputnik Қазақстанға бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтқан.

- Кезекші сынып оқушысының КВИ жұқтыру бойынша алғашқы жағдай 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Парыгино ауылында анықталды. Екінші сынып оқушысының анасы - мұғалім. Алғашқы күні дене қызуы 37 градус болған, вирустық инфекцияның барлық белгілері бар. Алынған ПТР сараптамасы бұл диагнозды растады, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Бала үйінде емделіп жатыр, жағдайы қанағаттанарлық. Ол оқитын сыныпта небәрі 12 бала бар.

- Олардың барлығын, оның ішінде мұғалімдер мен байланыста болған ықтимал тұлғалар қазір инфекцияның жұқтырған-жұқтырмағанына байланысты тексеріледі, - деді Қожахметов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?