Жаңалықтар тізбегі
0

Алтын бағасы қатты арзандап жатыр. Көп алтын сатып алған Ұлттық банк қайтпек?

metallurgprom.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2020 16:19 metallurgprom.org
23 қыркүйекте алтынның бағасы қыркүйек айының басындағы бағамен салыстырғанда 100 долларға немесе 5% -ке дейін төмендеп, бір трой унциясы үшін 1865 долларды құрады.

Соңғы екі айда алтынның бағасы бірінші рет бір трой унциясы үшін 1900 доллардан төмендеді. Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов сары металл нарығындағы жағдайға түсініктеме беріп, оның Ұлттық банктің резервтеріне қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметінде атап өткендей, 23 қыркүйекте алтынның бағасы қыркүйек айының басындағы бағамен салыстырғанда 100 долларға немесе 5% -ке дейін төмендеп, бір трой унциясы үшін 1865 долларды құрады.

- АҚШ-тан жеткен оң экономикалық мәліметтер, Еуропалық одақ пен Ұлыбританияда коронавирус індетінің қайта бас көтеруіне деген алаңдаушылық, сондай-ақ Чикаго Федералды резервтік банкі басшысының АҚШ-тағы инфляцияның орташа деңгейі 2%-ке жеткенге дейін сыйақы мөлшерлемесін көтеру мүмкіндігі туралы айтқаны доллардың индексін сегіз апта ішіндегі ең жоғарғы деңгейге бір-ақ секіртті. Иә, әлемдік нарықтарда АҚШ долларының нығаюы өз кезегінде шілде айынан бастап минималды деңгейге жеткен алтынның бағасын құлдыратты, - деді Нұржан Тұрсынханов.

Ол сонымен қатар әлемдік COVID-19 пандемиясы мен дамыған елдердің орталық банктерінің соған сай экономиканы ынталандыру мақсатында қабылдаған ақша-несие саясаты биылғы алтын бағасының осылай өзгеруіне әкеліп соққанын да атап өтті. Алтынның бағасы тамыз айында өзінің ең жоғары деңгейіне көтеріліп, жыл басынан бері 36% -ға өскен еді. Соңғы бағадағы түзетулерге қарамастан, алтын инвестициялық актив ретінде жыл басынан бері 24%-ке өсіп, жетекші рөл атқаруда.

- Соңғы күндердегі алтын бағасының құбылмалылығы, бағалы металдың резервтегі үлесін ескере отырып, Ұлттық банктің ай соңында алтын-валюта резервтерін қайта бағалау кезінде цифрларға әсер етуі мүмкін. Алайда, COVID-19 індетінің екінші толқыны қаупіне байланысты әлемдік нарықтардағы аумалы-төкпелі сәт әлі де сақталады. АҚШ пен Қытай арасындағы саяси және экономикалық қайшылықтардың шиеленісуі, АҚШ-тағы алдағы президент сайлауы аясында одан әрі турбуленттік орын алуы мүмкін. Алтын дәстүрлі қорғаныс активі ретінде орталық банктердің резервтерін әртараптандыруға ықпал ететін стратегиялық инвестиция болып табылады, деп сөзін қорытындылады Нұржан Тұрсынханов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: