Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда масаң күйде жолаушы тасымалдайтын жүргізуші ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2020 22:13 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
1986 жылы туған азамат бұған дейін де ішімдік ішіп, көлік басқарғаны үшін сот шешімімен 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Талдықорған қаласының тәртіп сақшылары масаң күйде көлік тізгіндеп келе жатқан 34 жастағы Ақсу ауданының тұрғынын ұстады. Тәртіп сақшылары оның ішімдікке тойып алып, жолаушы тасымалдап жүргенін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында 1986 жылы туған азамат бұған дейін де ішімдік ішіп, көлік басқарғаны үшін сот шешімімен 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Ол мерзімі биыл желтоқсан айында аяқталуы тиіс болған.

"Құқық бұзушының көлік тізгініне отыруға құқығы да, міндетті сақтандыру полисі жоқ екеніне қарамастан, қала көшелерінде көлік жүргізген. Сондай-ақ, медициналық куәландыру кезінде оның орта дәрежеде мас екені анықталды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Іс материалдары жақын арада сот органдарының қарауына жолданады. Ұсталған азамат түнде медициналық айықтырғышқа орналастырылды", - деп хабарлады Талдықорған ҚПБ бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: