Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Жер ана да жылайды. Зымыран құлаған Қарағанды облысындағы жайылымдар игеруге жарамсыз

Гептил - радиоактивті отын. Адам ағзасына ұзақмерзімді әсер етеді.

Сурет : видеодан алынды25 Қыркүйек 2020, 10:37

Қарағанды ​​облысының тұрғындары "Протонның" құлауынан денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыруды сұрайды. Байқоңырдан ұшып шыққан зымыран қалдықтары Ұлытау өңірінің жеріне де келіп түседі. Мұнда 10 елді-мекен тұрғындары осындай қауіп-қатер тәуекелімен өмір сүріп жатыр, - дейді қоғам белсенділері, деп хабарлайды zakon.kz.

Мақпал Орынбетова, әлеуметтік белсенді:

- Гептил - радиоактивті отын. Адам ағзасына ұзақмерзімді әсер етеді. 1997 жылға дейін Жезді ауданында кейбір өтемақылар мен жеңілдіктер төленіп келген. Яғни, зейнетке шығу бойынша. Басқа да жеңілдіктер мен қосымша әлеуметтік төлемдер болды, қазір олар тоқтап қалған. Міне, соларды біздің үкімет арқылы, облыс әкімі арқылы қайта қалпына келтіру керек.

Экологиялық белсенділердің айтуынша, қауіпті отынның салдарынан Ұлытау мен Жезқазғандағы жайылымдардың бір бөлігі мал азығына жарамсыз болып қалған. Алайда, бұл Қарағанды ​​облысындағы қоршаған ортаны ластаушы жалғыз нысан емес. Одан бөлек 17 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бар. Өздерінің шығарындыларын екі есеге азайту үшін металлургия алпауыттары газға көшуді, сонымен қатар қауіпті заттарды жинайтын күкірт қышқылы цехын салуды ұсынады. Бірақ әзірге бұл тек идея түрінде қалып отыр.

Ал Экология министрлігі тау-кен аймағының проблемалары үнемі бақылауда екенін атап өтті.

Ахметжан Пірімқұлов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

- Жезқазған мен Балқаш қалалары үшін жеке Жол картасын жасау туралы ұсыныс бар. Қандай нақты проблемалар бар екенін жекелей қарап, кәсіпорындармен бірге қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспарын құрып, оны пысықтау керек. Экологиялық проблемаларды мақсатты түрде шешу үшін арнайы топтар құрылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер