Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің қос мегаполисі жолдарында қызыл белгі пайда болды

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2020 17:35 Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі
Алматыда да қауіпті жол учаскелерінде қызыл белгілер пайда болады.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының жолдарында қызыл белгі пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті пилоттық жоба аясында Мәңгілік Ел даңғылындағы М1 жолайрығында қызыл түсті белгі қолданды. Таңбаның қызыл болғаны көлік қозғалысын нақты үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл түс осы учаскедегі жүргізушілердің назарын шоғырландыруға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға көмектеседі.

Полиция хабарлауынша, бұл көшеде тек 2019 жылы 50-ден аса ұсақ жол-көлік оқиғасы болған. Қызыл түсті таңбалар енгізілгеннен кейін көлік апаттары тіркелген жоқ.

Алматыда да қауіпті жол учаскелерінде қызыл белгілер пайда болады.

Тізімдегі көлік апаты көп болатын қауіпті көшелерге қызыл таңба салу жоспарланған:

• Құлжа тракті бойынша Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін (бөлу жолағы);

• Әл-Фараби даңғылы - Луганский көшесі, бұрылу жолағы, көлік ағындарының тоғысу аймағында;

• Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылы мен Батыс Желтоқсан көшесінің арасында (солтүстік жағы);

• Сейфуллин даңғылында Райымбек даңғылынан Тобояков көшесіне дейін;

• Майлин-Бұқтырма;

• Әл-Фараби даңғылы - Мұстафин көшесі, көлік жолайрығындағы съездер;

• Әл-Фараби даңғылында Шашкин және Марков көшелерінің қиылысында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: