Атырау облысының әкімі отставкаға кетуге дайын екенін айтты

29 Қыркүйек 2020, 10:15
Сурет: иллюстрация үшін алынды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов егер орынбасарының қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

"Облыс әкімі бүгін біздің арнамызға осылай деді. Аймақ басшысының бұлай деуіне, "Аса ірі көлемде пара алды", деген күдікпен ұсталған бұрыңғы орынбасары себепші. Еске сала кетейін, жемқорлықпен айыпталған Нұрлан Таубаев облыс әкімінің бірінші орынбасары болып осы мамыр айында ғана тағайындалған", - дейді телеарна тілшісі.

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Заң ғой. Ол бәрімізге ортақ. Егер ондай тергеу жұмыстары, сот шешімі болса, онда заң бойынша мен отставкаға беруге дайынмын. Ар жағы президент шешімі, қабылдайды, қабылдамайды. Сол кісі біледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?