Алматы облысында ит төбелесін ұйымдастырғандар іздестіріліп жатыр

29 Қыркүйек 2020, 17:31
Сурет: Instagram

Әлеуметтік желіде ит төбелестіргендердің видеосы жарияланды. Онда да жабайы түрде емес, қара құрым халықты жинап, ауылдың бетке ұстар жері - стадионда өткізген. Желідегілер бұл Ұзынағаш ауылы екенін жазады, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеодан ит төбелесінің арнайы аренада, барлық сақтық шараларын сақтап ұйымдастырылғаны байқалады. Аренада екі ит қайшыласып, төбелеске кіріскен, ал қос жануарды қоршаған бір топ оларға айғай қосып, айтақтап әлек.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Almaty.kz сайтына бұл оқиғаның Жамбыл облысы Қарасу ауылдық округіндегі бұрынғы мал базарында болғандығы туралы хабарлады. Аумақты жеке саудагерлер сатып алған. Мұндай шараларды өткізуге аудан әкімдігі рұқсат бермеген. Ауылдық округ әкіміне ит төбелесін ұйымдастырушыларды тауып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту тапсырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?