Жаңалықтар тізбегі
0

"Бізге де өтемақы берсін!". Қызылорда облысында тауық емес, жылқылар жаппай қырылып жатыр

zoo69.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2020 15:35 zoo69.ru
Малынан айырылған халық Үкіметтен өтемақы сұрайды.

Қызылорда облысының фермерлері жүздеген малдың белгісіз аурудан қырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Еуразия" Бірінші арнасының хабарлауынша, адамдар мемлекеттен өтемақы сұрайды.

"Ауылда 200 жылқы өлген. Малға жаппай індет тамыз айында келіп, малдың арам өлуі әлі де жалғасуда. Олардың неден өліп жатқаны түсініксіз. Біз 50 жыл бойы мал өсірдік, бірақ ондай нәрсені көрген емеспіз", - дейді Байкенже ауылының тұрғыны Қанатбек Кембай.

Орташа алғанда, жануар шамамен 10 күн ауырады, тамақ ішпейді, салмағын жоғалтады, содан кейін өледі. Ем-домнан пайда жоқ. Бір қызығы, айғыр ауру жылқылардың үйірге жақындауына жол бермейді.

- Солтүстік аймақтарда өлген құс иелеріне өтемақы төлеп жатыр. Бізге де солай етсе, бұл кішкене болса да көмек болар еді. Өйткені бір үйде 20-30 жылқысы кеткен жағдайлар бар, мұндай отбасылар көп, - дейді Байкенже ауылының тұрғыны Әбдіманап Әкімбек.

Ветеринарлық инспекция бұл оқиғаға адамдардың өздерін кінәлайды.

Жылқылардың өлуіне - асқазан гаддалының личинкалары тудыратын гастрофилия. Олар далада жайылған кезде жануардың асқазанына түседі.

"Биыл өте ыстық болды, жаңбыр болған жоқ. Малға ерекше күтім қажет, оны күндіз емес, кешке жаю керек болды. Сондай-ақ оларға дезинфекция жүргізіп, жылқыларды тазалап, жануарларда жәндіктер болмауы үшін жуып отыру керек болған" - деп түсіндіреді Жаңақорған облысындағы ветеринарлық станцияның директоры Марат Қазыбаев.

Қызылорда облысының төрт ауданында мұндай аурудың бары ресми түрде расталды.

Әкімдік жұмыс комиссиясын құрып, өлген ірі-қара үшін адамдарға өтемақы төлеу мүмкіндігі бар-жоғын талқылауға ниетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: