Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда АҚШ-тағыдай шерифтер пайда болуы мүмкін

pcmag.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2020 18:33 pcmag.ru
АҚШ елшілігі Қазақстанға көмек қолын созуға әзір.

ҚР ІІМ Кадрлық саясат басқармасының бастығы Айдар Сайытбеков полиция қызметі жұмысындағы өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз АҚШ, Ұлыбритания және Канадада жиі кездесетін шериф қызметінің моделін зерттеуді жоспарлап отырмыз. Осындағы АҚШ елшілігі бізге көмектесуге дайын, - деді Айдар Сайытбеков Ішкі істер министрлігінің брифингінде.

Сонымен қатар, "полиция қызметіне қолжетімділіктің" жаңа қағидаты енгізіледі. Бұл бүкіл полиция көшеде жүреді дегенді білдірмейді. Полиция қажет болған жағдайда оқиға орнында болуы шарт.

Сайытбековтің айтуынша, шартты түрде мұндай үш санатты орынды бөліп қарастыруға болады:

- қауіпсіз орындар, мұндайда полицияның болуы қажет емес және тек ерекше жағдайда ғана шақыртылады;

- ішінара қауіпсіз, белгілі бір уақытта полицияның болуы қажет болатын кез. Адамдардың кептелісі, мысалы, зауыттағы жұмыс ауысымнының аяқталуы немесе әуе рейсінің көптеп келуі кезеңімен байланысты;

- полицияның тұрақты болуын қажет ететін қауіпті орындар.

Министрлік талдау жүргізеді, содан кейін полиция патрульдік маршруттарына түзетулер енгізеді. Елді-мекендердің ең криминогенді аймақтарында тәулік бойғы модульдік посттар орнату жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: