Алматыда тұмауға қарсы вакцинаға деген сұраныс күрт артты

5 Қазан 2020, 13:38
Сурет: rostec.ru

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада тұмауға қарсы вакцинаға деген сұраныстың күрт артқанын нақтылады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазір, әсіресе тұмауға қарсы вакцинаға деген сұраныс күрт артты. Егер 2019 жылы вакцинаның 100 мың дозасын 1 желтоқсанда түгессек, онда осы жылдың қазан айында алматылықтар 130 мың доза вакцина алды, - деді ол.

Оның айтуынша, қосымша 56 мың вакцина алдыртылған.

- Қоймаға тапсырыс берген 300 мың дозадан бөлек қосымша 56 мың доза келіп түсті. Қазір екпеден бас тартып жатыр деп айта алмаймыз. Керісінше, вакцинацияға деген сұраныстың артуы байқалады, - деп сөзін қорытындылады Бекшин.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?