"Астана", "Барыс", "Astana Pro Team" велоклубын "Самұрық-Қазына" тікелей қаржыландырады

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2020 16:52 "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
Бұл туралы "Samruk-Kazyna Trust" бас директорының орынбасары Асқар Баталов мәлімдеді.

"Астана" Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кірген спорт клубтарын қаржыландыру тәртібі өзгертілді. Бұл туралы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры "Samruk-Kazyna Trust" бас директорының орынбасары Асқар Баталов онлайн-брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

А.Баталовтың айтуынша, Қор Президенттік спорт клубын тарату туралы шешім қабылдады.

"Астана" футбол клубы, "Астана" баскетбол клубы, "Барыс" хоккей клубы және "Astana Pro Team" кәсіби велокомандасы өз жұмысын жалғастырады және тікелей "Самұрық-Қазына" қорынан қаржыландырылатын болады.

Спорт клубтарының құрылтайшысы болып "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болады. Спортқа "Самұрық-Қазына" АҚ-ның қайырымдылық бюджетімен байланысты емес жекелеген қаражат бөлінетін болады.

Таратылатын ПКСК бұрынғы басшысы – Асқар Баталов "Samruk-Kazyna Trust" қоры бас директорының спорт мәселелері жөніндегі орынбасары ретінде қызметін жалғастырады.

"Мақсаты - көп деңгейлі есептілік пен қаржылық қызметті, сондай-ақ әкімшілік және басқарушылық құрамды ұстауға жұмсалатын қосымша шығындарды жою", - деді Асқар Баталов.

"Астана" ПКСК 2012 жылы спортқа мемлекет тарапынан қолдауды күшейту, Қазақстан мен оның астанасының әлемдік аренадағы оң имиджін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттауға және жоғары жетістіктер спортын дамытуға ықпал ету мақсатында құрылған болатын.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: