Тоқаев мониторинг жүргізетін топтардың жұмысын күшейтуді тапсырды

Ақорда Ақорда
Президент мониторинг жүргізетін топтардың белсенділігі төмендеп барады деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев карантиннің сақталуын қадағалайтын мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мониторинг жүргізетін топтардың белсенділігі төмендеп барады. Әлеуметтік желілер арқылы түрлі жиын-тойларда түсірілген фотосуреттер таралуда. Мониторинг жүргізетін топтар тексерістерін азайтты. Бұл ретте, карантин шаралары сақталмай, заң бұзу деректері көбейіп кетті. Әкімдерге мониторинг жүргізетін топтардың жұмысын жандандыруды тапсырамын. Ведомствоаралық комиссия осыны қатаң бақылауға алуға тиіс", - деді Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері кеңесінде сөйлеген сөзінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз