Жаңалықтар тізбегі
0

Бетін пышақпен тілген күйеуін әйелі кешіргенімен, сот жазаны жеңілдетпеді

iStock, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2020 21:48 iStock
Ол 4 жылға бас бостандығынан айырлды.

Ақтөбеде бұрынғы әйеліне тап беріп, бетін пышақпен тілген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақтөбеде Сәкен Бекеновке қатысты сот үкім шығарды! Ол әйелінің бетін кескені үшін 4 жылға сотталды! - деп жазды "Не молчи" қорының төрайымы Дина Смайлова facebook-тегі парақшасында.

Ақтөбе сотында 2020 жылы 14 наурызда Бекеновтің бұрынғы әйелі жұмыс істейтін кафеде болғаны, алкогольдік мас күйінде жанжал шығарып, оны еденге құлатқаны, сөйтіп оны ұрып-соққаны, содан кейін пышақпен беті мен өңіріне пышақпен жарақаттар салғаны айтылды.

Бекеновтің кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің сөзімен және сарапшылардың қорытындыларымен толықтай дәлелденді.

Жәбірленуші сотталушыны кешірді, сотта ол оны түрмеге жаппауды өтінді. Алайда, сот әйелге жасалған қылмыстың қатыгездігін, оның бетіне өшпес із қалдырғанын ескерді. Алкогольдік мас күйі жазаны ауырлататын мән-жай деп танылды. Осыған байланысты сот Бекеновты қоғамға қауіп төндіреді және оқшаулануы керек деген қорытындыға келді. Бекенов 4 жылға нақты бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - делінген Ақтөбе қаласының No2 сотының хабарламасында.

Оқиға 13 наурызда болған. Ер адам бұрынғы әйелі жұмыс істейтін дүкен-кафеге келіп, сыра ішкен. Мекемеде ешкім қалмаған кезде, ол әйеліне тап береді. Соққы кезінде ер адам жәбірленушінің бетін өткір затпен кесіп тастаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: