Жаңалықтар тізбегі
0

ПТР-тестіні арзандату жөніндегі Президент тапсырмасы орындалады - Денсаулық сақтау министрлігі

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2020 23:45 24.kz
Министрлік бұл ретте Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне ғана емес, бүкіл үкіметке де тапсырма беріп, алдына міндет қойғанын баса айтты.

Біз Қазақстанда ПТР-тест құнын төмендету бойынша қолға алынатын шаралар туралы алдын ала хабарлаймыз, деді брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов, деп хабарлайды zakon.kz.

- Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне ғана емес, бүкіл үкіметке де тапсырма беріп, алдына міндет қойды. Бұл мәселе денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінен тыс. Дегенмен тапсырмалар орындалады. Менің ойымша, келесі брифингте біз бұл мәселені шешу шаралары туралы есеп береміз, - деді Қожахметов.

Алдында Мемлекет басшысы коронавирусқа тексерілу үшін тапсыратын ПТР- есттің бағасы удай қымбат екенін айтып, оны төмендету мәселесін қарастыру бойынша құзырлы органдарға тапсырма берген.

"...Тағы бір мәселе - тесттің құны. Зертханалар желісінің кеңейіп, бүкіл әлемде оның арзандап жатқанына қарамастан, біздің бағаларымыз әлі шарықтап тұр: 10 мыңнан 18 мың теңгеге дейін. Бұл халықтың едәуір бөлігі үшін қолайсыз сома деп санаймын. Үкімет пен әкімдер тестілеудің қаржылық жағынан қолжетімді болуы мәселесін шешуге міндетті", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері кеңесінде сөйлеген сөзінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: