Тоқаев коронавируспен күрестегі басым бағытты атады

8 Қазан 2020, 11:50
Сурет: Берік Уәли

Коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық коронавирусқа қарсы вакциналармен тезірек қамтамасыз етілуі керектігін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ел азаматтарын вакцинациялау керек, басқа амал жоқ. Әрине, біз әртүрлі шараларды қолдана аламыз, ұйымдастырушылықтан бастап басқасын да. Бірақ ең бастысы - вакцинаның көмегімен адамдардың коронавирусты жұқтыруына жол бермеу, - деді Мемлекет басшысы.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін КВИ-ге қарсы вакцина жеткізушілерімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. Бірінші кезекте - "Спутник 5" ресейлік вакцинасы бойынша. Бұл келісім бойынша Ресей ресми тіркелген және осы вакциналарды жеткізе бастаған сәттен бастап кепілдендірілген жеткізілім жайы қамтылды. Сондай-ақ, тағы бір ресейлік вакцина туралы келіссөздер жүргізілді.

- Біз қазақстандық вакцинаға үлкен мән береміз. Клиникалық зерттеулердің бірінші екінші фазасы, клиникаға дейінгі зерттеулер сәтті өтті, бұл тиісті талдаулардың нәтижелерімен расталады. Қазір еріктілер вакцинацияның бірінші немесе екінші кезеңінен өтіп жатыр. Білім министрлігі біздің министрлікпен бірге бұл кезеңді қараша-желтоқсан айларында аяқтайды деп күтеміз. Осыдан кейін біз үшінші кезеңге көшу үшін тиісті құжаттарды күтіп отырмыз, - деді Цой.

Президент тағы бір рет коронавирусқа қарсы вакцинация өте маңызды бағыт екенін атап өтті.

- Ел азаматтары вакциналарға мұқтаж. Әрине, вакцина оны қабылдағысы келетін адамдарға жасалады. Бірақ, соған қарамастан, бізде басқа амал жоқ. Екпе алу керек. Вакцинаны сатып алу немесе өз өндірісіміздегі болса, тіпті жақсы, бастысы азаматтар вакцинамен қамтамасыз етілуі керек. Бұл басымдық берілетін бағыт деп санаңыз. Отандық өндіріс дұрыс жолға қойылады деп сенемін. Қазақстандық институт жүргізіп жатқан зерттеулер оң және табысты болады деп сенемін. Мен министрлердің бірі - Білім және ғылым министрі бұл вакцинаны өзіне ектіргенін естідім. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын, - деді Президент.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?