Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына барды

Жоғарғы Бас Қолбасшы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларын тамашалайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Алматы облысында жүр, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Facebook-те Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына келді. Президент — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған", делінген жазбада.
Бөлісу
0
Толық оқу