Нұр-Сұлтанда алдағы демалыс күндері автобустар жүреді ме

8 Қазан 2020, 14:48
Сурет: 24.kz

11 қазанда Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Күннің күрт суытуына байланысты, сондай-ақ елорда тұрғындары мен жұмыс берушілерінің өтініштері бойынша қоғамдық көліктер жексенбі күні тоқтамайды.

- Жексенбіде автобустар сағат 21: 00-ге дейін жүреді. Басқа күндері автобустар дәл осы режимде де жүреді. Әр ауысым сайын және соңғы аялдамаларда автобустар мен автотұрақтарда бұрынғыдай дезинфекция жұмыстары жүргізіліп отырады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік қоғамдық көліктерге бетпердесіз кіруге тыйым салынғанын еске салды. Жол ақысын төлеу тек электронды есепайырысу арқылы жүзеге асырылады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?