Жаңалықтар тізбегі
0

Қажеттіліксіз үйден шығуға тыйым салынады! СҚО-да бүтін қала карантинге жабылды

userapi.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2020 16:28 userapi.com
Қатаң шектеу шарасы 9 қазаннан бастап өз күшіне енді.

2020 жылдың 9 қазанынан бастап еліміздің солтүстігіндегі Булаев қаласында коронавирус инфекциясының жаппай таралуының алдын алу үшін көктемдегідей қатаң шектеудегі карантин енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Petropavlovsk.news агенттігі Мағжан Жұмабаев атындағы облыс әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалада ішінде, Булаев қаласы мен Мағжан Жұмабаев ауданы және Петропавл арасында ресми, ресми емес жолаушылар тасымалының барлық түріне тыйым салынады.
Ауданның бас дәрігерінің шешімі бойынша Булаев тұрғындары:

1) пәтерлерінен (үйлерден) сағат 22: 00-ден 6: 00-ге дейін шығуына тыйым салынады (жұмысы барлар мен медициналық көмекті қоспағанда), қалған уақытта, жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға, қоқыс шығаруға және жұмысқа шығуға ғана рұқсат;

2) көршілердің, таныстардың, туыстардың, әріптестердің келуіне тыйым салынады;

3) ересектердің еріп жүруінсіз балаларға сағат 19.00-ден кейін жүруіне болмайды;

4) 65 жастан асқан азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы керек;

5) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.), дереу үйден шықпай, дәрігерге жүгініңіз, медициналық ұйымдарға бармай-ақ, 103-ке хабарласып, жедел жәрдем көмегіне жүгініңіз;

6) жерлеу шаралары кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30-дан астам адамнан (негізінен отбасы мүшесінің) асуына жол бермеңіз.

Қалада мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, қоғамдық тамақтандыру орындарын, бұқаралық ақпарат құралдарын, қызмет көрсету станцияларын, жерлеу қызметтерін, азық-түлік дүкендерін, дезинфекциялау құралдарын сататын мамандандырылған дүкендерді қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: