8 қазанда коронавирус пен пневмониядан бес адам көз жұмды

9 Қазан 2020, 10:43
Сурет: platon.asia

Соңғы тәулікте, 8 қазанда 5 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, үш адам коронавирустан, екі адам пневмониядан көз жұмды.

Қазіргі уақытта 3 044 адам коронавирус инфекциясынан ем-дом алып жатыр, оның 74-і - балалар. Ауруханаларда 1 950 науқас, амбулаториялық деңгейде 1 094 науқас бар.

84 адамның жағдайы ауыр, 13-інің денсаулық деңгейі өте ауыр деп бағаланады, 11 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Бір тәулікте 241 адам пневмонияға шалдықты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?