Нұр-Сұлтанда шетелден келген 101 жолаушы карантиндік стационарға орналастырылды

9 Қазан 2020, 12:25
Сурет: Pixabay

Бүгін түнде Нұр-Сұлтан әуежайына 6 ұшақ қонды. Онда болған 101 жолаушыда ПТР сынағы болмаған немесе қолдағы анықтамасының мерзімі өтіп кеткен, сондықтан олар стационарлық ауруханаға карантинге орналастырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жолаушылар Turkish Airlines, Air Astana, Belavia және Flydubai әуекомпаниясы рейстерінен түскен.

Карантинге орналастырылған жолаушылардан ПТР-тес алынып, нәтижесі шыққан соң үйлеріне жіберіледі. Егер КВИ анықталса, ондай адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?