"Егеменде" біраз отырған Дархан Қыдырәлі ректор болмақ – БАҚ

12 Қазан 2020, 13:19
Сурет: malim.kz

"Егемен Қазақстан" газетінің басқарма басшысы және Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қопаңдап отыр, деп жазады Мәлім.kz.

Билік партиясындағы саяси кеңес бюросының бір мүшесі Дархан Қуандықұлы праймеризге қатысқан жоқ, алайда осы праймериз оған жаңа жолдар ашпақ. Қалай дерсіз?

Жақында ғана "Нұр Отан" партиясының хатшысы Арман Қырықбаев мынандай мәлімдеме жасады: "Партия ішілік праймериздің бірінші айналымы өткенімен, тартыс әлі алда. Үміткерлер енді екінші кезеңде бақтары мен баптарын сынайды".

Арман Қырықбаевтың бұл сөзін праймеризде Нұр-Сұлтан қаласында ең көп дауыс жинаған Ерлан Сыдықов құлағына да қыстырмайтындай. Екінші кезеңді күтпей-ақ, ұзын құлақтардың айтуынша, жүгін жинап, буынып-түйініп дайын отыр екен. Әлбетте, Н.Назарбаев билігін созу реформасын сонау Семейде жатып көтеріп, содан кейін-ақ кіші ректорлықтан үлкен ректорлыққа өрлеп, астанадағы Еуразия Ұлттық университетін он жылдай басқарған, "Нұр-Отанның" Нұр-Сұлтандағы филиалының саяси кеңес мүшесі Ерлан Сыдықовтың праймеризден оқ бойы алда келгеніне қарағанда, Арман Қырықбаев қорқытқан екінші кезеңінен оның сүрінбейтіні анық. Яғни, Ерлан Сыдықов енді депутат болмақ.

Ал оның орнын кім басады? Қазір ректор тағайындалмайды, сайланады дегенмен жоғарғы жақта Ерлан Сыдықовтан босайтын орынды Дархан Қырырәліге сыбағадай сақтап отыр екен. Әлбетте, Дархан Қуандықұлы жақында ғана академик атанғанын, Халықаралық Түркі академиясында ең мықты президент болғанын, "Егемен Қазақстан" газетін елбасының сүйікті басылымына айналдырып жібергенін қайтара айтып, "мұндай қызметтің өтеуі министрлік дәрежесінен кем болмаса, ақпарат бұйырмаса да, мәдениет министрлігін басқарып кете аламын" дегенге салып көріпті. Бірақ, бұйырғалы тұрғаны ректорлық екен.

Сонымен, сайлау өткен соң Дархан Қыдырәлі бұйырса, ЕҰУ-дің ректоры болмақ. Ал, Дархан Қуандықұлының "Егемен Қазақстан" газетіндегі орнына кім бармақ? Жоғары жақтағылар бізді тыңдаса, Дархан Қыдырәліні "Егемен Қазақстан" газетінен қозғауға болмайды. Халықаралық Түркі академиясы президенттігінен де алмау керек. Ал ректор қызметін жүктегісі келсе, жүктей берсін, халықаралық академия мен елбасы газетін қатар басқаруда түк қиналмаған Дархан Қуандықұлы үш қызметті де қатар атқарып жүре беретін ұлт зиялысы емес пе!

Тақырып бойынша: Сабильянов пен Дархан Қыдырәлінің мадақтауы желіде хит болуда


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?