Нұр-Сұлтанда кәсіпорын қызметкерлері бюджеттен 316 млн теңге жымқырды

12 Қазан 2020, 15:46
Сурет: zakon.kz

Елордалық кәсіпорынның қызметкерлері 316 млн теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша елордалық акционерлік қоғамның бірінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Тергеу барысында АҚ мен басқа кәсіпорын арасында электр кабельдерін сынауға арналған екі электротехникалық зертхананы жеткізуге мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттың жасалғаны анықталды. Аудиторлық тексеріс нәтижесі бойынша аталған зертханалардың техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеуі бөлігінде бұзушылықтар табылды.

Мемлекетке келтірілген залал сомасы 316 млн теңгеден асады.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т. сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. (Аса ірі көлемде кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру).


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?