Астыртын ойынхана ұйымдастырған алматылық 4 жылға сотталды

13 Қазан 2020, 11:00
Сурет: видеодан кадр

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласында астыртын ойынхана қызметін төтенше жағдай кезінде ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ағымдағы жылдың мамыр айында жедел-тергеу шаралары барысында ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңнамасына қайшы қызмет етіп келген ойынхананың жұмысы анықталған болатын.

Тексерістер жүргізу барысында, төтенге жағдай және карантин режимінде ғимараттың ішінде ойыншылар және ойынхананың жұмысшылары болған. Тінту барысында покер ойынына арналған арнайы үстел, 13 дана ойын автоматтары, рулетка, компьютерлер, тағы басқа техникалар мен қоса шетелдік және ұлттық валюталары анықталған болатын.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен ойынхананы ұйымдастырушы ҚР ҚК 307 3-б. 2-т. бойынша (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, аса ірі көлемде) кінәлі деп танылып 4 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?