Бішкекте брондалған көлік мемлекеттік резиденция қоршауын бұзып өтті
видеодан алынды
Инженер-механик постқа оралу үшін бұрылуға бел буған, бірақ не болғаны белгісіз, ол қоршауға соғылған.
Әлеуметтік желіде Қырғыз елінің мемлекеттік резиденциясы - "Ала-Арша" қоршауын бұзған брондалған көліктің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.
Бұл видеоға қатысты жазбаны алдында журналист Азиз Пірімқұлов жариялаған болатын. Оның айтуынша, инженер-механик постқа оралу үшін бұрылуға бел буған, бірақ не болғаны белгісіз, ол қоршауға соғылған.
- Мен брондалған көліктің ауыр салмағы еңіске қарай тартып кетіп, ол қоршауға қойып кетті деп санаймын, - дейді видео авторы, журналист Азиз Пірімқұлов.
Еске сала кетсек, Сооронбай Жээнбеков 9 қазанда Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес әскери техникалар қалаға енді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript