1 қыркүйектен бастап ШҚО-да КВИ жұқтырған 58 оқушы анықталды

Pixabay Pixabay
Бір апта бұрын республикамызда мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясының 138 жағдайы тіркелді.

1 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысында 58 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды zakon.kz облыстың Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

34 оқушы кезекші сыныптардан, қалған 24-і қашықтықтан оқиды. Олардың ішінде:

- Алтай аймағында - 11;

- Глубоковскийде - 10;

- Риддерде - 11;

- Семей қаласында - 7;

- Өскеменде - 8;

- Көкпекті ауданында - 5;

- Шемонаиха ауданында - 2;

- Күршімде - 1;

- Катонқарағайда - 1;

- Курчатовта 2 оқушы.

7 қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда КВИ жұқтырған балалардың санын жариялады. 2 сәуір мен 7 қазан аралығында республикамызда коронавирус инфекциясының диагнозы расталған 2 551 бала тіркелді. 5 қазандағы жағдай бойынша республикамызда мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясының 138 жағдайы тіркелді, оның 52-сі кезекші сыныптарда, 86-сы қашықтықтан оқитын оқушылар ароасында анықталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз