Коронавирусты екінші мәрте жұқтырса не болады - зерттеу нәтижесі

14 Қазан 2020, 09:59
Сурет: Pixabay

COVID-19-ды екінші мәрте жұқтырған адамда алдыңғысынан да қауіпті белгілер сезілуі мүмкін. Бұл туралы Невада университетінің ғалымдары және АҚШ-тағы басқа ғылыми ұйымдар мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Ғалымдар 48 күн ішінде SARS-CoV-2 екі түрлі нұсқасын жұқтырған 25 жастағы ер адамның жағдайын сипаттады. Екінші инфекция біріншіге қарағанда ауыр болған, ал науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сонымен қатар, сарапшылар Бельгия, Нидерланды, Гонконг және Эквадордағы реинфекцияның тағы төрт жағдайын атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, Невададағы науқас екінші рет вирустың жоғары дозасын жұқтыруы мүмкін, сондықтан ауру өте ауыр өткен. Басқа гипотезаларға сәйкес, ер адам ағзасында қалыптасқан антиденелер қайта инфекция жұқтырғанда жағдайды ушықтырған, яғни антиденеге тәуелділігі жоғарылаған. Реинфекциялар COVID-19 вакцинасын әзірлеу жұмыстарына қауіп төндіреді, бірақ реинфекция бүгінгі күнге дейін сирек кездесетін құбылыс.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?