Сот үкіміне сәйкес, көше сыпыруы тиіс экс-әкім Бақауов бұл жазадан сытылып кетті

newtimes.kz newtimes.kz
Болат Бақауов мамырда 3,5 жылға шартты түрде сотталған. Судья осы мерзім ішінде оның жыл сайын 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылатынын айтқан.

Бес ай бұрын мәжбүрлі қоғамдық жұмысқа тартылған Болат Бақауов енді одан босатылған. Өйткені жазаның бұл түрін сотталушылар ресми жұмыс орны болмаған жағдайда ғана өтейді екен, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Гүлжан Әбдуғалиева, Павлодар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы:

<!--Quote2Begin-->

<!--Quote2EBegin-->- Сотталушы Павлодар қаласының пробация қызметінде есепте тұр. Заңға сәйкес, тұрақты жұмысы жоқ сотталушылар ғана мәжбүрлі еңбекке тартылады. Ал бұл азамат жұмысқа орналасқан.<!--Quote2End-->

<!--Quote2EEnd-->

"Болат Бақауов мамырда үш жарым жылға шартты түрде сотталған. Судья осы мерзім ішінде оның жыл сайын 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылатынын айтқан. Бірақ бір облысты басқарған Бақауов көше сыпыруды намыс көрді ме, тез арада жұмыс тауып алыпты", - дейді телеарна тілшісі.

49 жастағы экс-шенеунік қызметін асыра пайдаланғаны үшін істі болды. Ол туысының компаниясындағы мәселені шешіп бермек болған. Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысынан заңды 200 миллион теңге салықты жасырып, оны 3 миллион теңгеге қысқартуды сұрапты. Оның бұл өтініші орындалған. Бұрынғы шенеунік кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісімге келген болатын.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз