Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде бір қап ақшаны көрсетіп, "Жаркенттің жігіттері" - деп ұрандатқандар ұсталды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 16:10 видеодан алынды
Олар Алматы қаласының тұрғындары болып шықты.

Қару мен бір қапшық ақшаны көрсетіп, әлеуметтік желіні дүрліктіргендердің кім екені анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

"Жаркенттің жігіттері" - деп ұрандатқандар бұл бейнежазбаны кеше түсірген болып шықты. Онда көлікте отырған ер адам ақша толы сөмке мен Калашников автоматына ұқсас қаруды көрсетеді.

Ақбота Қуанышбекқызы, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

- Қазіргі таңда бұл фактінің мән-жәйін анықтау үстіндеміз. Жақын арада бұл тұлғалардың әрекеттеріне заңды тұрғыдан құқықтық баға берілетін болады. Және заңнаманың талаптарына сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады.

Естеріңізде болса, осыған ұқсас жағдай бір жыл бұрын елордадад тіркелген еді. Көлік ішінде қару ұстап, "Астана біздікі" деп шулатқан бұзақылар қазір абақтыда отыр. Бұл кадрды түсірген және көлік жүргізген қос досына сот ешқандай жаза тағайындамаған еді. Әрі сотта бейнежазбадағы қару тек ойыншық екені дәлелденген. Жалпы қоғамда бұзақы әрекеттер жасап, оны әлеуметтік желіге салатындар қатары жыл санап артып келеді. Психологтардың пайымынша мұндай қадамға көбіне жастар танымал болу үшін барады.

Тақырыпқа орай: Алматы облысында бір сөмке ақша ұстаған жігіттер іздестіріліп жатыр

Гүлнәр Кетпенбаева, ПСИХОЛОГ:

- Олар үшін бұл ауытқушылық болып есептелінбейді. Олар үшін бұл - норма. Қалыпты жағдай. Әрине психикалық ауытқушылық болмаса да жалпы адами адамгершілік ауытқушылығы. Тек қана танымалдылыққа ғана ұмтылу. Қайтсек өзімізді өзіміз көрсетеміз. Қаншалықты танымалдылыққа ұмтылғанымен жеке бастарының қауіпсіздігін ұмытып кетіп жатады.

Тағы да: "Астана біздікі!..". Полиция видеодағы мұздай қаруланған жігіттің кім екенін анықтады

Облыстық полиция департаменті желінің бүгінгі жұлдыздарының кім екенін анықтапты. Олар Алматы қаласының тумасы дейді. Тергеу барысында қарудың шынайы немесе ойыншық екендігі анықталмақ. Ақшаның да қайдан келгенін тексермек. Жалпы жыл басынан бері Алматы облысы бойынша мұндай 50-ге жуық іс тіркелген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: