Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Семейге барды

Facebook Facebook
Сапар барысында Президент "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың "Жиделі-Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласына барды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Президент "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың "Жиделі-Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді. Сонымен қатар "Қарағайлы" ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады. Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, "Абай әлемі" сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады", делінген жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз