Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Шымкентте үш жасар бала байқаусызда бензин ішіп қойды

Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.

Сурет : otyrar.kz15 Қазан 2020, 11:37

Шымкентте ата-анасының қарауынсыз үйде қалған бала байқаусызда бензин ішіп қойған, деп хабарлайды zakon.kz.

Otyrar.KZ-тің хабарлауынша, ол улы сұйықтықты шырынды су деп ойлап қалған.

Соның салдарынан баланың аузы, өңеші және асқазаны қатты күйіп қалды, жедел жәрдем көлігі баланы қаладағы Т.Орынбаев атындағы Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Дәрігерлер балаға жедел көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.

<!--Quote2Begin-->

<!--Quote2EBegin-->- Бала ем алуды жалғастыруда. Қазір токсикологтар оның жағдайын бақылап отыр. Ол толық сауығып кеткенше орталықта болады, - деді аталған орталық дәрігері Шерзат Октябров.<!--Quote2End-->

<!--Quote2EEnd-->

Бала бүгінде өздігінен тамақтана алады, дәрігерлердің болжамы бойынша бірнеше күннен кейін ол жазылып, үйіне босатылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер