Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры ұсталды

Кейбір дерек бойынша, ол ірі көлемдегі бюджет ақшасын жымқырған деген күдікке ілінген.

Сурет : rvl.kz15 Қазан 2020, 13:15

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Республикалық ветеринариялық зертханасының бас директоры Нұрлан Сыбанов ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Белгілі болғандай, ол бір күн бұрын, яғни 14 қазанда ұсталған. Толық ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Бірақ "Время" газеті оның не үшін ұсталғанын жариялапты. Ондағы мәліметке сүйенсек, бас директор жануарларды тексеруге арналған құрал-жабдықтар мен материалдарды сатып алуға бөлінген 500 миллион теңгені жымқырды деп күдікке ілінген.

Нұрлан Сыбанов 2019 жылдың 29 қазанында РВЗ-ның бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Еңбек жолын РМК-да экономика бөлімінің маманы ретінде бастаған.

2019 жылдың желтоқсанында республикалық ветеринариялық зертхананың Алматы филиалында сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тергеу аяқталды. Содан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық ветеринариялық зертханасы" РМК Алматы облыстық филиалының бұрынғы директоры Итенов, оның орынбасары және зертхана меңгерушісі Әділбаева, тамақ қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Әлниязова сотталды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер