Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қырғыз президенті Жээнбеков отставкаға кетіп тынды

Мен билікке жармасып жатқаным жоқ. Қырғыз елі тарихында өз азаматтарына оқ атқан, қанын төккен Президент ретінде қалғым да келмейді. Сондықтан мен жұмыстан кетуге шешім қабылдадым.

Сурет : president.kg15 Қазан 2020, 14:24

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуге ерік білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Отставкаға кетуге ерік білдірген Сооронбай Жээнбековтің мәлімдемесінің толық мәтіні:

Құрметті жерлестер! Еліміздің астанасы Бішкек қаласындағы қоғамдық-саяси жағдай шиеленісіп тұр.

Кеше Жогорку Кенеш үкіметтің құрамын бекітті, мен Қырғыз Республикасы Президентінің тиісті тағайындаулар туралы Жарлықтарына қол қойдым. Бірақ бұл елде туындаған шиеленісті оңтайландыра алмады.

Өкінішке орай, агрессия өршіп, менің тез арада отставкаға кетуімді талап ету әлі жалғасуда. Қазіргі жағдай екіжақты жанжалға ұласуға жақын.

Бір жағынан, наразылық білдірушілер, екінші жағынан - құқық қорғау органдары. Әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары мемлекеттік резиденцияны қорғау үшін қару қолдануға міндетті. Бұл жағдайда қан төгіледі, бұл сөзсіз. Мен екі тарапты да арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамын.

Менің қымбатты отандастарым! Мен үшін Қырғыз еліндегі бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен артық. Мен үшін әр жерлесімнің өмірінен қымбат ештеңе жоқ.

Мен билікке жармасып жатқаным жоқ. Қырғыз елі тарихында өз азаматтарына оқ атқан, қанын төккен Президент ретінде қалғым да келмейді. Сондықтан мен жұмыстан кетуге шешім қабылдадым.

Жапаровты және басқа саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан алып кетуге және Бішкек тұрғындарының бейбіт өмірге оралуына жағдай жасауға шақырамын. Ешқандай күш біздің еліміздің тұтастығына және қоғамдағы үйлесімділікке татымайды.

Алла тағала баршамызды қорғасын, жерімізде тыныштық пен бейбітшілік болсын!

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 15 қазан, Жээнбековтің президенттік сайлауда жеңіске жеткеніне тура үш жыл болды. 2017 жылы ол 54,22 пайыз дауысқа ие болды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер