Жаңалықтар тізбегі
0

Республикалық жолдардың 90%-ы орташа жөндеуден өтті

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 22:07 ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Жыл соңына дейін республикалық жолдардың 1056,6 шақырымы қалыпқа келтіріледі.

Елімізде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Бүгінге дейін жолшылар олардың 90%-ын қалыпқа келтірген, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғаны, биыл орташа жөндеу бойынша барлығы 66 жоба жүзеге асырылуда. Олардың 13-і – ауыспалы болса, 53-і –жаңа жобалар.

Бүгінде республикалық автожолдардың 948,5 шақырымы қалыпқа келтірілген. Жабындыны жонғылау мен жарықтарды құю бойынша жұмыстар атқарылды. Автожолдардың 500 шақырымға жуығына ресайклинг әдісі жүргізіліп, 144 шақырымына жабынды төселді. Бұдан бөлек, жолшылар 12,42 шақырым жерге қорғаушы қабат орнатқан.

Сондай-ақ, тозығы жеткен жол қабаттары келесідей учаскелерде қалыпқа келтірілді: "РФ шек. (Самара)-Шымкент", "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты", "Көкшетау қаласы арқылы "Нұр-Сұлтан-Петропавл", "Бурабай курорттық аймағының жолдары", "Көкшетау қаласының айналма жолы" (әуежайға барар жолмен бірге), "Көкшетау- Атбасар", "Алматы-Көкпек-Чунджа-Көктал-Қорғас", "Көкпек-Кеген-ҚР шекарасы (Түп)", "Алматы-Өскемен (Талдыкорған қаласының айналма жолы)", "Атырау-Орал", "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз", "Чапаево-Жалпақтал-Казталовка-РФ шек.", "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шек.", "Қызылорда-Павлодар"-"Жайрем-Қаражал-Атасу", "Ақшатау-Ағадыр-Ортау" автожолы, "Қызылорда-Павлодар", "Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Энтузиаст-Киевка-Теміртау", "Павлодар-Шарбақты-РФ шек", "Ленин-Ертіс-Русская Поляна", "Көкшетау-Рузаевка", "Мамлютка-Қостанай", "РФ шек. (Екатеринбург)-Алматы", "Жизақ-Гагарин-Жетісай-Киров-Қызыләскер-Сарыағаш-Абай-Жібек жолы".

Айта кетейік, жылдың соңына дейін республикалық жолдардың 1056,6 шақырымы қалыпқа келтіріледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: