Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да карантиндік шаралар күшейтілді

google.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2020 22:57 google.com
Отбасылық шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады.

Солтүстік Қазақстан облысында карантиндік шаралар күшейтіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстың бас санитарлық дәрігері карантиндік шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды.

16 қазанда сағат 00: 00-ден бастап облыста сауда орталығы, сауда үйі, сауда және көңіл көтеру орталығы, азық-түлік және азық-түліктік емес дүкендер, қоғамдық монша, саунаның жұмыс уақыты сағат 22:00-ге дейін қысқарады.

Қоғамдық тамақтану орындарында ең көп дегенде 30 орынға рұқсат етіледі, олардың жұмыс уақыты да 22:00-ге дейін қысқарады.

Демалыс және мереке күндері қоғамдық тамақтану орындары тамақты тек үйге жеткізу және алып кету қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Демалыс күндері ғимарат ішінде орналасқан дәріханалар мен азық-түлік дүкендерін қоспағанда, жабық киім базарлары, азық-түлік емес тауарлар базарлары, спорттық нысандар, білім беру орталықтары, туризм нысандары, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтарының жұмысы тоқтатылады. Жұмыс және қоғамдық көліктер де тоқтайды.

Демалыс күндері саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға баруға тыйым салынады. Қызметкерлердің кем дегенде 50 пайызы қашықтықтан жұмыс істеуге көшу керектігі атап өтілген. Жергілікті атқарушы билік отбасылық іс-шаралар өткізбеуді сұрайды. Жерлеу рәсіміне қашықтықты сақтай отырып, маска тағу арқылы 30-дан аса адам жиналмауы керек.

Қоғамдық орындарда және ашық жерде серуендеушілерге, бес жасқа дейінгі балалардан бөлек, сондай-ақ саябақтарда жекелей және бес адамнан аспайтын топтық спортпен шұғылданушыларға медициналық, шүберек маска кию міндетті болып табылады.

Жергілікті атқарушы билік егер эпидемиологиялық жағдай ушығып кетсе, карантиндік шаралар бұрынғыдан да күшейтілетіндігін ескертті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: