Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ауруханаларда КВИ-дан емдеуге пайдаланылған дәрі-дәрмектер тиімсіз болып шықты

Арнайы зерттеу нәтижесі осындай қорытынды шығарды.

Сурет : gazeta.ru16 Қазан 2020, 09:43

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ремдесивир, Гидроксихлорохин, Лопинавир / Ритонавир және Интерферон сияқты дәрі-дәрмектер аурухана жағдайында COVID-19 емдеу кезінде өлім-жітімді азайтуға еш әсер ете алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

ДДҰ бірлескен клиникалық зерттеудің аралық нәтижелері ауруханаға жатқызылған науқастар арасында Ремдесивир, Гидроксихлорохин, Лопинавир / Ритонавир және Интерферонды қолдану 28 күннен кейін өлім-жітімнің төмендеу жылдамдығына немесе коронавирусты стационарда емдеуге әсер етпейтінін көрсетті.

Зерттеуге 30-дан астам ел қатысты. Сарапшылар бұл дәрі-дәрмектерді ем-дом кезіндегі өлім деңгейіне және ауруханада болу ұзақтығына әсерін зерттеді.

Сонымен бірге америкалық фармацевтикалық Gilead Sciences компаниясы "Ремдесивир" препаратын қолдану коронавируспен ауыратын науқастардың сауығу мерзімін төрт күнге дейін қысқартады деп мәлімдеді.

АҚШ, Жапония, Корея Республикасы, Үндістан, Израиль, Ұлыбритания және Ресей коронавирусты жұқтырғандарды емдеу үшін Ремдесивирді қолдануды мақұлдады. Препарат бастапқыда С гепатиті мен респираторлық-синцитарлық вирусты емдеуге арналған тестілеудің бір бөлігі ретінде жасалған. Ол эболаны емдеу үшін де тексерілген, бірақ тиімділігі анықталған жоқ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер