Жаңалықтар тізбегі
0

Екі күн ішінде өз ағзасын пайдалануға келісімін берген адам қанша - статистика

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2020 18:35 Pixabay
Е-Гов порталындағы "келісемін" немесе "бас тартамын" деген бір түймені басса болғаны, донорлыққа байланысты мәселе шешіледі.

Енді қайтыс болғаннан кейін ағзаңыздың органдарын қолдануға болатындығы немесе одан бас тартатындығыңыз туралы өтінішті Egov.kz порталы арқылы жолдай аласыз, деп хабарлайды zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау кодексінің талаптарына сәйкес, әр адам қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісімін беретінін немесе одан бас тартатындығы туралы алдын ала хабарлауы керек.

- Біз бұл процесті автоматтандырдық (процесс - ред.). Адам ешқайда барып, қағаз жазып, әуре болмайды, электронды үкіметте көрсетілген "келісемін" немесе "бас тартамын" деген бір түймені басса болғаны. Кодекс қолданыысқа енгізілгелі бері "бас тарту" түймесі 300 рет басылған және қағаз жүзінде алты келісім берілген. Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған дерек осындай. Күні кеше ғана бұл қызмет түрі енгізілді, қазірдің өзінде 500-ге жуық өтінім берілді: "келісемін" дегендер 60 және "бас тартамын" дегендер - 400, - деді Сенаттағы үкімет сағатында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, қайтыс болғандығы туралы куәлікті алу процесі автоматтандырылған. Әзірге жүйелер пилоттық режимде Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыс істеп жатыр, бірақ бір ай ішінде ол басқа аймақтарда қолданыла бастайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: