Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Дәрігерлердің орташа жалақысын 550 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланған

Бүгіндері дәрігердің орташа жалақысы 258 708 теңгені құрайды.

Сурет : kaztime.kz16 Қазан 2020, 14:25

"Денсаулық сақтауды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында дәрігердің жалақысын 550 мың теңгеге дейін көтеру көзделген", - деді арнайы брифингте Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев, деп хабарлайды zakon.kz.

- Мемлекет басшысы 2023 жылға қарай дәрігердің орташа жалақысының экономикадағы орташа жалақыға қатынасын 2,5 есеге жеткізу міндетін қойды. Оны дәрігердің және тұтастай алғанда медициналық қызметкердің мәртебесін әлеуметтік қолдау шаралары жүйесі арқылы көтеру қажет. Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалақыны өсіру жайы қарастырылған. Шамамен 550 мың теңгеге дейін. Бүгіндері дәрігердің орташа жалақысы 258 708 теңгені құрайды, - деді Төсекбаев.

Ол "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" жаңа кодексте медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге кепілдіктер бар екенін еске салды.

- Біз жұмыскердің өз міндеттерін орындауы, біліктілігін жоғарылатуы немесе кәсіптік біліктілігін жұмыс беруші немесе бюджет қаражаты есебінен арттыруы үшін жағдай жасау, еңбекақы төлеу және жұмысты ынталандыру жайын айтып отырмыз. 2018 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде медбикелердің жалақысының өсуінің оң динамикасы байқалды. Біздің елімізде орташа жалақының өсуі дәрігерлер мен медбикелер үшін сәйкесінше 56-60% құрайды, - деді ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер